World News

Қазақстанда Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді

Ақмола облысында Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді. Тиісті шешім Ақмола облысы Жарқайың ауданы тұрғындарының жиынында қабылданды, деп жазды Qaz365.kz сайты.


Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жиналысқа қатысқандардың басым бөлігі қаланы Кенесары деп атауды қолдаған.


"Дауыс саны есептелді, бақылаушылар болды. 325 адам тіркелген, 321 бюллетень берілген. Қала атауын Кенесары деп өзгертуді 192 адам қолдаған, 125 адам қарсы дауыс берді. 4 адам қалыс қалды" деп айтылды жиында.


Кенесары хан 1837-1847 жылдары Ресей империясына қарсы ұйымдастырылған ең ірі көтеріліске жетекшілік еткен.


Қазақстанда СССР немесе Ресей империясы тұсында аталған елді мекендер мен көшелердің атаулары жиі өзгертіледі. 


Биыл сәуірде Қарағанды облысында бірнеше ауылға қазақша атау берілген. 


Былтыр интернетте Павлодар қаласын – Ертіс, Петропавлды Қызылжар деп атау туралы петиция жарияланды. Оған қол қойғандардың көбі аталған қала атауларын өзгертуді қолдаған. 

Читайте на сайте