World News

Қазақстанда нөсер жауып, үсік жүреді

"Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр. 27 мамырда батыста, 27-28 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта, ал 28 мамырда елдің солтүстігі мен шығысында нөсер жауып, бұршақ түседі, екпінді жел соғады", - деп хабарлады метеорологтар.

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтіледі.
Температура көрсеткіштері қандай болады?26-27 мамыр түні Қазақстанның шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Температура біртіндеп төмендейді:

күндіз батыста 16-28 градус жылы,солтүстікте, орталықта 18-25 градус жылы,шығыста 23-30 градус жылы,оңтүстікте 20-27 градус жылы.

Читайте на сайте