World News

Астанада Тілендиев даңғылы бір айға ішінара жабылады

Астанада Тілендиев даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Әкімдік "Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысындағы көлік айрығының құрылысы" жобасы аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 6 маусым мен 6 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеліп, автокөлік қозғалысы бір жақ бетімен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлау және жол қозғалысындағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскеде уақытша жол белгілері, нұсқағыштар мен қоршаулар орнатылады.

Бұған дейін Алматыда Айнамалы көшесіндегі көлік қозғалысы бір айға жабылатыны хабарланған болатын.

Читайте на сайте