World News

Павлодар тұрғыны қараусыз қалған саяжайды 10 жыл күтіп ұстаған: оны өз атына қалай рәсімдеуге болады?

Иесіз қалған саяжай учаскесін көп жыл бойы күтіп-баптап, кейін оның толыққанды иесі атануға бола ма? Павлодарлық зейнеткердің мысалы мұның әбден мүмкін екенін дәлелдеп отыр.
Сөз болып отырған саяжай учаскесінің иесі 2003 жылы қайтыс болған. Арада 13 жыл өткенде жылжымайтын мүліктің келесі мұрагері де дүниеден озды, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сот. Қараусыз қалған жерді көрген зейнеткер бау-бақша серіктестігінің тұтынушылық кооперативіне (БСТК) ескерте отырып, оны ретке келтіруге бел буған. Ер адам 10 жылдан аса уақыт бойы жер телімін күтіп-баптаған: аумақты қоқыстан тазартып, егін егіп, суару үшін төлем жасап тұрған.

"2025 жылға дейін жер қайтыс болған мұрагердің атында болған, содан кейін иесіз деп танылып, қаланың коммуналдық меншігіне өткен", - деп нақтылады ҚР Жоғарғы сотындағылар.

Ақыры зейнеткер саяжайды жеке меншікке рәсімдеуді ұйғарған. Бірақ билік оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Оған келтірілген уәж - жер телімі зауыттың санитарлық-қорғау аймағында (СҚА) орналасқан. Соның салдарынан павлодарлық тұрғынға сотқа жүгінуге тура келді.

"Іс мән-жайларын зерделеген сот уәкілетті орган ұстанымында бірқатар сәйкессіздіктер бар екенін анықтады. Санитариялық қағидаларға сәйкес, санитариялық-қорғау аймақтарының шегінде жаңа бау-бақша серіктестіктерін құруға тыйым салынады. Алайда даулы саяжай алқабының құрылғанына 25 жылдан аса уақыт болған және ол жаңадан құрылған бау-бақша серіктестігі емес, бұрыннан қалыптасқан аумақ болып табылады. Жауапкерлер де, мүдделі тұлғалар да бұл аумақта бау-бақша тұтыну кооперативінің ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқанын жоққа шығармаған. Сонымен қатар сот бұған дейін уәкілетті органның осы кооперативтегі басқа жер пайдаланушыларға жер учаскелерін жеке меншікке бергенін анықтады", - деп істің егжей-тегжейін баяндады ҚР Жоғарғы соты.

Нәтижесінде сот зейнеткердің жағына шығып, шенеуніктерді саяжайды ер адамның жеке меншігіне беруге міндеттеді. Шешім заңды күшіне енді.
Тағы оқыңыз:
Қазақстанда мүлікке салынатын тыйым. Неге алдын ала ескертілмейді және оны қалай алып тастауға болады?

Читайте на сайте