World News

Энергетика министрі көмір мен электр энергиясының бағасы туралы айтты

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов электр энергиясы тарифтері тағы да көтеріле ме және көмір қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы ол Үкіметте өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеуніктің айтуынша, әзірге мұндай жоспар жоқ.

"Көмір бағасы қазіргі деңгейде қалады, электр энергиясының көтерме бағасы да солай. Министрлікте қазір электр энергиясы тарифін көтеру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деді Ақкенженов.

Ол ведомствоның өтінімдерді қабылдап, оларды қарастырып жатқанын да қоса кетті.
Журналистер министрге жыл басында электр энергиясының шекті тарифтері жеті жылға бекітілгенін, алайда қыркүйекте олардың қайта қаралғанын еске салды. Ақкенженов бастапқыда есептеулерде ешқандай өзгеріс қарастырылмағанын, бірақ өтінімдер жиналғаннан кейін көмір құнын ескере отырып, тарифтерге түзету енгізілгенін түсіндірді.

"Біз жеті жылдық тарифтерді жоспарлағанда арнайы ұзақ мерзімді кесте әзірледік. Барлық өтінімді жинағаннан кейін, көмір құнын ескере отырып, есептеулерді түзеттік. Қыркүйекте болған жағдай осы", - деп түсіндірді министр.

Тарифтердің көтерілуі
2025 жылдың желтоқсанында энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтер 2026–2032 жылдарға 2025 жылғы деңгейде бекітілді. Бұл тарифтерді қайта қарауға болмайды дегенді білдірмейтін: Энергетика министрлігі жеті жылдық көрсеткіштерді бекітуді міндетті рәсім деп атаған еді.
2026 жылдың қыркүйегінде Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтері туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді. Олар 10 қыркүйекте күшіне енді. Шекті тарифтер 2025 жылдың желтоқсанында жеті жылға бекітілген болатын.
Сонымен қатар кеше үкіметте өткен брифингте ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жыл соңында Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері өсуі мүмкін екенін хабарлады.

Читайте на сайте