Ақтөбелік азамат ислам дінін таратушы Досжан ишанның мөріне 1 млн теңге сұрап отыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Темір ауданында Батыс Қазақстанға ислам дінін таратуға бар өмірін арнаған Досжан ишанның мөрі бар. Жергілікті тұрғын мөрдің құнын 1 миллион теңгеге бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.