Сағынтаев халықаралық банк басшыларымен алдағы ынтымақтастықты талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы пленарлық отырысының жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен, вице-президент Дивакар Гупта бастаған Азия даму банкінің өкілдерімен және «Ресей Сбербанкінің» басқарма төрағасы Герман Грефпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.