World News in Kazakh
Июнь
2017

Новости за 22.06.2017

Казинформ 

Шымкентте 14 мыңдай бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 14 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Соның биыл 5 мыңына жолдама беріледі. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырған ашық есік күні шарасында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Талдықорғанда мемлекеттік қызметшілер тіл байқауында күш сынасты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты байқау ұйымдастырылды. Шарада қалалық әкімдіктің әр саласы бойынша үш маманнан құралған «Аппарат-2050-ге апарады», «Жалын», «Мәңгілік тіл», « ЭКСПО», екі ауылдық округтің «Еркін» және «Өтенай қырандары» топтары өзара бақ сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Алматыда алдағы демалыс күндері аптап ыстық болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алдағы демалыста аптап ыстық болады. «Казгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша, ауа температурасы жақын күндері 34 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Көктал-2» кешенінің үлескерлеріне құрылысты аяқтау мүмкіндігі туды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Көктал-2» тұрғын-үй кешенінің алданған үлескерлері ұзақ күткен құрылысты аяқтап, өз пәтерлеріне кіру мүмкіндігі туды, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Казинформ 

Сенат сайлауын 288 халықаралық байқаушы қадағалайтын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 22 маусымда халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеудің аяқталғаны және шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау күнін келісу мәселелері бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметі.

Казинформ 

Сағынтаев халықаралық банк басшыларымен алдағы ынтымақтастықты талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы пленарлық отырысының жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен, вице-президент Дивакар Гупта бастаған Азия даму банкінің өкілдерімен және «Ресей Сбербанкінің» басқарма төрағасы Герман Грефпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Казинформ 

Шымкентте ерлік көрсеткен полицейге пәтер кілті табыс етілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ішкі істер органдарының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Онда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ел қорғандарын төл мерекесімен құттықтап, бірқатар полиция қызметкерлері марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Бразилия футболшысы Қытайдағы жаппай төбелес үшін 8 матчқа шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай футбол қауымдастығы Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Оскардың ісіне қатысты қатаң шешім шығарды, ол "Шанхай СИПГ" - "Гуанчжоу Фули" (1:1) ұлттық чемпионатының ойынындағы жанжалдың туындауына себепші болған.

Казинформ 

100 жаңа есім жобасы жеңімпазға не береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «100 жаңа есім» жобасына қолдау білдіру мақсатында құрылған «БЮРО 100» бастамасы аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсы үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-ның үздік мемлекеттік қызметшісі елге қызмет ету парызым деп санайды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының үздік мемлекеттік қызметшісі Ордабасы ауданында тұрады. Аудандық әкімдік аппаратының заң бөліміне бас маман болып жұмыс істейтін Абылай Қалықұл елге қызмет етуді парызы санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Сұрапыл дауыл Өскемендегі ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде кенеттен соққан сұрапыл дауылдың салдарынан Островский көшесіндегі өнеркәсіп арматура зауытының шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Нығматулин мен Финляндия Парламентінің вице-спикері Астанадағы ЭКСПО жайлы пікір алмасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Парламенті төрағасының бірінші орынбасары Маури Пеккариненмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.