Заманауи сәулет өнерінің озық үлгісіндегі Елбасы кітапханасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың күн санап өсіп, көркейіп келе жатқаны баршаға аян. 19 жылдың ішінде әлем таныған, саяси-экономикалық, мәдени-рухани орталыққа айналып үлгерген Астана жөнінде көп айтуға болады. Қаладағы заманауи үлгідегі ғимараттар, халықтың игілігіне арналған әлеуметтік нысандар мен демалыс алаңдары, сондай-ақ басқа да жобалар өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді. Осы материалда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасына кеңірек тоқталмақпыз. Атап айтқанда, кітапхананың қазірдің өзінде-ақ тарихи маңызды нысанға айналғанын байқауға болады.