World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 06.07.2017

Казинформ 

Евгений Плющенко елордадағы шоуында қызықтар көп болады деп сендірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның талантты мәнерлеп сырғанаушы жасөспірімдері 6 шілдеде Астанада тұсаукесері өткен мұз айдынындағы  «Жаңғақ шаққыш»(Щелкунчик, Nutcracker) ертегі шоуына қатысты.  Танымал мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенконың айтуынша, қала тұрғындарына қойылымда қызықты сәттер көп болған.

Казинформ 

Елорда күніне орай мерекелік от шашу ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда күні мерекесі дәстүрлі отшашумен аяқталды. Астананың үш ауданында мерекелік фейерверк атылды, оның әдемі әрі ұзағын қала тұрғындары мен қонақтары Есіл өзені жағалауынан тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Көмей сазды естіген британ ханшайымы мен ханзадасы күлкілерін тыя алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадаға сапары барысында Чарльз ханзада мен Корнуольская Камилла ханшайым Икалуит қаласында өздеріне арналып қойылған концертті тамашалады, деп хабарлайды RT телеарнасы. 

Казинформ 

Заманауи сәулет өнерінің озық үлгісіндегі Елбасы кітапханасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың күн санап өсіп, көркейіп келе жатқаны баршаға аян. 19 жылдың ішінде әлем таныған, сая­си-экономикалық, мәдени-рухани орталыққа айналып үлгер­ген Астана жөнінде көп айтуға болады. Қаладағы зама­науи үлгідегі ғимараттар, халықтың игілігіне арнал­ған әлеуметтік нысандар мен демалыс алаң­дары, сондай-ақ басқа да жобалар өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді. Осы материалда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасына кеңірек тоқталмақпыз. Атап айтқанда... Читать дальше...

Казинформ 

Жұма күні еліміздегі жеті облыста ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Қазақстан мен Түркия президенттері екіжақты ынтымақтастық пен оның келешегін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Ресейдің Ульяновск қаласы су астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ульяновск қаласы су астында қалды. Кешеден бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су алып, қатты желден ағаштар тамырымен бірге құлады. Қазіргі кезде Ульяновскіде төтенше жағдай жарияланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Пассионарлық рухтың парасатты қаласы


АСТАНА. ҚазАқпарат - Күлтегін ескерткішінде: «Түрік қағаны Өтүкен қойнауында отырса, елде мұң жоқ. Өтүкен қой­науын­да отырсаң, мәңгі елдігіңді сақтай­сың» деп, тасқа жазып қалдырған екен. Одан беріде данышпан әл-Фараби «парасатты қаланы», Асан­қайғы «Жиделібайсынды» аңсады. Бабалар армандаған Өтүкен мен Ергенеқон, жер жәннаты Жерұйық пен Жиделібайсын - соның бәрі бүгінде ақиқатқа айналып, Астана­мен астасып жатқандай... «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында аталмыш басылымның Басқарма... Читать дальше...

Казинформ 

Қазақстанда Батыр атты сөйлейтін піл туралы фильм түсіріле бастады


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Батыр» атты жаңа фильмнің авторы, актер Фархат Әбдрайымов картинаның түсірілімінің басталуымен құттықтады. Жаңа кинотуындыда Қарағандының хайуанаттар бағында өмір сүрген Батыр атты «сөйлейтін піл» туралы айтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Талдықорғандықтар Астана күнін сән-салтанатпен атап өтуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандықтар Астана күнін сән-салтанатпен атап өтуде.Түрлі шаралар шаһардың әр жерінде өтіп жатыр. Басты мерекелік думан «Жастар» саябағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақтың атақты желаяғы Бейжіңге велосипедпен аттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дулат Иманқажы Бейжіңге велосипедпен бармақ. Танымал марафоншы ол арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы достық байланыстарды кеңінен насиxаттамақшы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Сананы жаңғырту барша түркі әлеміне ортақ міндет - ТҮРКСОЙ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту xалықаралық ұйымы - ТҮРКСОЙ-да ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласына арналған конференция өтті. Түркия ғалымдары аталған мақаладағы тезистердің барша түркі xалықтарына ортақ екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеп шықпақшы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ОҚО-да ауыл әкімдері мерекеден көлік мініп қайтты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Астана күні» мерекесінде ауыл әкімдері көлік мініп қайтты. Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Елімнің жүрегі - Астана!» атты мерекелік гала-концертте аудан әкімі «Үздік ауылдық округ» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала күні мерекесіне орай «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы аумағында этномәдени кешен пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астананың медиа-орталығына сілтеме жасап.

Казинформ 

Маңғыстаудан Өзбекстанға қатынайтын жол қайта жөнделмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесінде Бейнеу ауданында «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын реконструкция жасау жұмыстары басталды, деп хабарлайды әкімінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Шымкентте Астана атты керіктің туған күні тойланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттіктер зообақта Астананың туған күнін атап өтті. Биыл керіктің 7 жасқа толуына орай қала әкімдігі ең жас қалалық тұрғындар үшін мерекелік бағдарлама әзірлеп, ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Путин ІІМ, ТЖМ мен ЖОФҚ-ның сегіз генералын қызметтерінен босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин ІІМ, ТЖМ мен Жазаны орындау федералды қызметінің сегіз генералын, сондай-ақ Бурятия прокуроры мен Федералды сот приставтары қызметі директорының бірінші орынбасарын лауазымдарынан босатты, деп хабарлады ТАСС агенттігі.