Атырауда суармалы суды субсидиялау артқан кезде көкөніс бағасы төмендеуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Атырау облысының әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен суармалы су текше метріне субсидиялау ставкасын 50-ден 85%-ға ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді, бұл өңірдің фермерлеріне қуанышты жаңалық болды, деп хабарлады облыстың өңірлік коммуникация қызметі.