World News in Kazakh
Июль
2017

Новости за 08.07.2017

Казинформ 

Қытайлықтар Қазақстанның инвестициялық ахуалымен танысты

БЕЙЖІҢ-ЛАНЬЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышов Жібек жолы белдеуіндегі елдермен Қытайдың практикалық ынтымақтастығы жөніндегі форум жұмысында Қазақстанның инвестициялық ахуалын таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Казинформ 

Белгілі адвокат айыппұлды рәсімдеуден қорықпауға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық белгілі адвокат Джохар Утебеков Фейсбуктегі парақшасында жүргізушілерге айыппұлды ресми рәсімдеуден қорықпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Әлемдік экономикада өсу байқалады - ХВҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік экономикада өсу үрдісі байқалады және бұл үрдіс келесі жылы да жалғаспақ. Аталған пікірді «Үлкен жиырмалық» жиынында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард білдірді, деп жазады ТАСС.

Казинформ 

Атырауда суармалы суды субсидиялау артқан кезде көкөніс бағасы төмендеуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат -    2017 жылы Атырау облысының әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен суармалы су текше метріне  субсидиялау ставкасын 50-ден 85%-ға  ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді, бұл өңірдің фермерлеріне қуанышты жаңалық болды, деп хабарлады облыстың өңірлік коммуникация қызметі.

Казинформ 

Астанада салынып бітпеген «Зере» ТК үлескерлеріне миллиард теңге берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы прокуратурасының талап-арызымен үлескерлерге құрылысы аяқталмаған «Зере» тұрғын-үй кешенінің үлескерлеріне тиісті қаражатты беру туралы сот шешімі шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

ЭКСПО: Корея павильонына саяхат

АСТАНА. ҚазАқпарат - Есігін алты құрлыққа айқара ашқан ЭКСПО кешеніне келушілер не көре алады? Ұлттық павильондардың қандай ерекшеліктері бар?  Оқырман үшін осы сауалдарға жауап іздеп, кешенді кезіп, әр мемлекет жасақтаған павильондарға саяхат жасадық. Жақсыны көрмекке деген...

Казинформ 

Қазақстандық атлет Азия чемпионатының алтын медаліне ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Бхубанешвар қаласындағы «Калинга» стадионында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. 6 шілде күні қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалды. Алайда екінші жарыс күнінде бірден қоржынға үш медаль түсті.

Казинформ 

Астанада балабақша ғимараты өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жұмыс істемей тұрған балабақша ғимараты өртенді,  деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК ресми өкіліне сілтеме жасап. 

Казинформ 

Қазақстандық боксшы Санкт-Петербургте рингке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Санкт-Петербургте   бокс кеші өтеді, оның аясында қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жақсылық Қырғызәли (0-2) өзінің үшінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлады   Sports.kz.

Казинформ 

Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен баланың мүрдесі табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Төрт күн бұрын жоғалып кеткен ер баланың денесі Ұлыкөл өзенінің жағасында, судан табылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Казинформ 

Ақтөбедегі жол-көлік оқиғасы кезінде аяғы сынған жігіт отаға дайындалып жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жол-көлік оқиғасы кезінде оң аяғы сынып, бас-ми жарақатын алған жігіт ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқасты отаға дайындауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Гамбургте Путин, Меркель және Макронның кездесуі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гамбургте Atlantic отелінде РФ президенті Владимир Путин, ГФР канцлері Ангела Меркель және   Франция президенті Эмманюэль Макронның кездесуі басталды, деп хабарлады  ТАСС.

Казинформ 

Ақтөбедегі жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақтың жүргіншілер жолына кіріп кетіп, серуендеп жүрген екі адамды қаққан жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Самбодан әлем кубогы кезеңінде қос бірдей батысқазақстандық палуан чемпион атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Астана қаласында «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесі аясында самбодан  ҚР Президентінің жүлдесі үшін әлем кубогы кезеңінде батысқазақстандық палуандар табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Головкинді нокаутпен жеңемін - Альварес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес алдағы жекпе-жекте Геннадий Головкинді нокаутпен жеңуді көздейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Талдықорғандық хоккейшілер әлем чемпионатына дайындық үстінде

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Еліміздің көгалдағы хоккейшілері әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. Айтулы додаға Қазақстанның атынан ел тарихында тұңғыш рет ерлер мен әйелдер құрама командасы қатар қатысқалы отыр. Олар 2018 жылы Германияда өтетін жарыста бақтарын сынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Казинформ 

АҚШ пен Корея ӘӘК КХДР-дағы зымыран сынағына жауап ретінде әскери жаттығу өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  АҚШ және Корея ӘӘК Гуам аралындағы америкалық екі стратегиялық бомбалаушы B-1B Lancer ұшағының қатысуымен бірлескен оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады Yonhap агенттігіне сілтеме жасап ТАСС.

Казинформ 

Аризонада 112 жыл бойы өзгермеген температуралық рекорд жаңарды

АСТАНА. ҚазАқпарат  -   Америкалық Финикс қаласында (Аризона штаты)  ауа температурасы жұмада 47,2 градусқа дейін жетті. Осылайша 112 жыл бойы өзгермеген рекорд жаңарды, деп хабарлады    ТАСС.