Талдықорғандық хоккейшілер әлем чемпионатына дайындық үстінде
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Еліміздің көгалдағы хоккейшілері әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. Айтулы додаға Қазақстанның атынан ел тарихында тұңғыш рет ерлер мен әйелдер құрама командасы қатар қатысқалы отыр. Олар 2018 жылы Германияда өтетін жарыста бақтарын сынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.