Алакөлде министрдің қатысуымен дуатлоннан жарыс басталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл жағалауында дуатлоннан жарыс басталды. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға Мəдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс медаль иегері Әділбек Ниязымбетов, әнші Жеңіс Сейдолла сынды бірқатар азаматтар арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.