Алматыда «Тұлпар-Тальго» пойызының вагонында өрт шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда депода тоқтап тұрған кезде «Тұлпар-Тальго» пойызының вагонында өрт шықты, деп хабарлады оқиға орнынан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Оқиға пойыз «Алматы-2» стансасына келіп, жолаушыларды түсіріп, жүк кеден бекеті орналасқан депо аумағына кірген кезде орын алған.