World News in Kazakh

ОҚО-ның сыртқы тауар айналымы 928 млн АҚШ долларын құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы тауар айналымы осы жылдың жарты жылында 928 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 169 млн АҚШ долларына өсіп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев мәлім етті. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлайды.

Читайте на сайте