Бурабай курортының биіктіктен түсірілген суреттері жарияланды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысы әкімі баспасөз қызметінің Facebook парақшасында өңірдегі ең биік шыңы Көкшетау тауының басынан түсірілген табиғатымен кез-келген адамды тамсандыратын көрікті Бурабай курортының суреттері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.