World News in Kazakh
Август
2017

Новости за 07.08.2017

Казинформ 

Төленген айыппұлдар мәліметтер базасынан автоматты түрде өшетін болады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі пайда болады. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

8 тамыз күні Қазақстанда аптап ыстық сақталады


АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 тамыз күні Қазақстанның басым аймағында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың тек сотүстігінде, батысында және шығысында ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Казинформ 

ММА: Викингтердің Көшпелілерге көшбасшы тағын босатып берер уақыт жетті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 12-19 қараша күндері Бахрейінде өтетін ММА-дан әлем чемпионатына ресми шақыру алды. Бұл жайында MMA Federation of Kazakhstan баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Samsung басшысы 12 жылға сотталуы мүмкін


АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның прокуратурасы Samsung Group компаниясының басшысы Ли Чжэ Ёнді 12 жылға соттауды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Reuters»-ке сілтеме жасап.

Казинформ 

Бурабай курортының биіктіктен түсірілген суреттері жарияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысы әкімі баспасөз қызметінің Facebook парақшасында өңірдегі ең биік шыңы Көкшетау тауының басынан түсірілген табиғатымен кез-келген адамды тамсандыратын көрікті Бурабай курортының суреттері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Өскемен қаласының әкімі Қабанбай батырдың ескерткішін тазалады

???????. ?????????? - ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев сенбілікке қатысып, Қабанбай батыр ескерткішін жуды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Казинформ 

Сингапурда сотталған қазақстандық Алматыға оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапур полициясына пара бермек болғаны үшін сотталған Қазақстан азаматы Елена Калугина түрмеден шықты. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Азия чемпионаты: 6 боксшымыз чемпион атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин елінде бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 6 боксшымыз чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстандық спортшылардың қайсысы жомарттығымен көзге түсіп жүр?

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы «Алтын жүрек» қайырымдылық қорының ұйымдастырушылары осы сыйлықтың үміткерлері туралы айтып берді. Олардың ішінде мұқтаж жандарға көмегін аямаған спорт саласының мамандары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Кәсіпкерлер палатасы 6 айда 150 кәсіпкердің құқығын қорғады-Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Ерлан Әбдікеров айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қытайдағы су тасқыны салдарынан 188 мың адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясындағы су тасқыны салдарынан шамамен 188 мыңдай адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді. 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Казинформ 

Астанада жеңіл жүрісті қызды тонаған жігіт 3 жыл 6 айға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл жүрісті қызды тонаған астаналық жігіттің мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылатын болды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

Казинформ 

Жас жанкүйер қазақстандық футболшыларға «қара жорға» биін билеп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 жасар футбол жанкүйері қазақстандық футболшылар үшін ЭКСПО Кубогын суретке салып, команда капитаны Андрей Карповичке табыс етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

«Алаш прайд» жекпе-жектері Алматының 1001 жылдығына арналмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 9 қыркүйекте «ALASH PRIDE» клубы АСВ промоушенімен бірлесе отырып, Алматының 1001 жылдығы құрметіне, аралас жекпе-жектен үлкен халықаралық «АСВ-69» турнирін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ақтөбеде полицей мен тұрғындар арасындағы жанжалдың мән-жайы тексерілуде


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Орталық базар маңында болған полиция мен тұрғын арасындағы жанжал әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Қазіргі кезде Ақтөбе облыстық ІІД осы оқиғаға қатысты қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ШҚО-да «Алып Алтай» атты халықаралық фестиваль өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамыз айының 12-19 жұлдызы аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Алып Алтай. Great Altai. Қазақстан - 2017» туристік-спорттық фестивалі өтеді. Сайысқа Қазақстан, Ресей, Қытай мен Моңғолияның спортшылары қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.