Мамандар орыс тілі оқулығында кездесетін жаргон сөздерге түсініктеме берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы кездері әлеуметтік желіде 5-сыныпқа арналған орыс тілінің жаңартылған оқулығына қатысты түрлі сыни пікірлер айтылып жүр. Осыған орай жобаны әзірлеуші мамандар түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.