World News in Kazakh
Август
2017

Новости за 20.08.2017

Казинформ 

Футбол: «Ордабасы» «Атырауды» 2:0 есебімен жеңді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының «Ордабасы» футбол командасы «Атырауды» 2:0 есебімен ұтты. Еркебұлан Тұңғышбаев пен Таңат Нөсербаев осылайша шымкенттік жанкүйерлеріне тамаша тарту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Казинформ 

Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады. Күн ашық, дүйсенбі күні тек елдің шығысында ғана фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Казинформ 

Жоғалып кетті деп іздеуде жүрген 7 жасар бала теракт кезінде құрбан болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін жоғалып кетті, деп іздеуде жүрген австралиялық 7 жасар бала Барселонадағы теракті кезінде құрбан болған. Бұл туралы ТАСС El Pais басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Казинформ 

Қанат Ислам бастаған алты боксшы жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қанат Ислам бастаған алты боксшы Астанада «EXPO-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатр маңында жанкүйерлеріне арнап, ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

«Аstana LRT» өкілдері әуежай автотұрағының 1,4 млн теңге тұратынын теріске шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіге тарап кеткен 1,4 млн теңгеден астам соманы көрсеткен паркомат фотосуретінің Астана әуежайына қатысы жоқ, деп xабарлайды ҚазАқпарат «Аstana LRT» ЖШС баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Казинформ 

Леффлер Головкин болмашы дүние үшін үлкен тәуекелге бармайды деп үміттенеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) пен Джулиус Индонго (22-1, 11 КО) қолғап түйістіретін алғашқы жартылай салмақтағы біріктіруші кездесудің қаржылық шарттарына таң қалып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

Жасөспірім тауып алған 70 мың долларлық гауһартасты иесіне қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда 15 жастағы жасөспірім қап түбінен жалпы құны 4,5 млн рупий (70 мың доллар) тұратын гауһартасты тауып алып, оны иесіне қайтарып берді. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Казинформ 

Қарағандылық зейнеткер әйелі мен ер адамды атып тастады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының Шахтинск қаласыдағы саяжайлардың бірінде қайғылы оқиға болды. 72 жастағы зейнеткер 76 жастағы әйелі мен саяжайға қонаққа келген 60 жастағы ер адамды тапаншамен атып өлтіріп, сосын өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қорғас болашақта «Қытай Голливуды» болмақ - Синьхуа

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың «Қасқыр жауынгерлер 2» (Wolf Warriors 2) атыс-шабыс жанрындағы фильмі экранға жол тартқанына 12 күн ішінде 3,4 млрд юань (507 млн АҚШ доллар) жинап, Қытайдың кино нарығында кассалық табыс бойынша жаңа рекорд орнатты, деп жазады Синьхуа.

Казинформ 

Димаштың Қытайдағы концертінен шу шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 19 тамыз күні Қытай астанасы Бейжіңде өткен 爱奇艺 (iqiyi.com) видео-хостингінің тікелей таратылымдағы концертінде ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Жазғы Универсиада: Қоржынға алғашқы медаль түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат -Тайбэеде өтіп жатқан Жазғы Универсиадада қазақстандық Арли Чонтей 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлетика бойынша жарыстан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

Google басшысы қазақстандық оқушыларға кеңсе ашып беруге уәде етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кремний алқабында өткен Technovation Challenge байқауында жеңіске жеткен алматылық оқушылар Қазақстанға оралды. "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі команда өкілдерімен жүздесіп, бас жүлде алған мобильді қосымшаны қалай ойлап тапқандарын және Google басшысы Сундар Пичаимен кездесудің қалай өткенін сұрады.

Казинформ 

Мамандар орыс тілі оқулығында кездесетін жаргон сөздерге түсініктеме берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы кездері әлеуметтік желіде 5-сыныпқа арналған орыс тілінің жаңартылған оқулығына қатысты түрлі сыни пікірлер айтылып жүр. Осыған орай жобаны әзірлеуші мамандар түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.