Облыс басшысы төрт бірдей әкімді ауыстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы аптада болған кадрлық тағайындаулар елші Ермұхамет Ертісбаевтің қызмет ауыстыруымен есте қалды. Оның қызметі өзгерсе де, дипломатиялық шені сақталды. Ал Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин ауыс-түйістің «рекордын» жасады. Бір аптаның ішінде ол төрт бірдей аудан әкімін ауыстырып тастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.