Қазақ әдебиетінің тарихы
Қазақ әдебиеті, барлық жұрттың әдебиеті сияқты, екіге бөлінеді: біріншісі – ауызша әдебиет, ел ақындығы. Екіншісі – жазба әдебиеті. Ел ақындығы не ауызша әдебиет: елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөздер. Жазу өнері болмаған соң, ол елде ғылым, мәдениет те тумаған болады. Ондай елдің өнер, білімі бір ауыздан екінші ауызға көшіп, сонымен сақталады.