Ақтөбеде кәсіпкерлер жиі кедергіге тап болатын салалар анықталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкерлер жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы бөлімдері мен салық, мемлекеттік сатып алу жұмыстары кезінде кедіргілерге тап болады. Былтыр аймақтық кәсіпкерлер палатасы 200-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.