World News in Kazakh
Январь
2018

Новости за 17.01.2018

Казинформ 

ҚР Президентінің АҚШ-қа сапары Қазақстан дипломатиясының тиімділігін көрсетеді -БҰҰ өкілі

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары Қазақстан дипломатиясының бейбіт те прагматикалық жақтарын көрсетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің АҚШ-тағы арнайы тілшісіне берген сұхбатында Science Po Франция саяси зерттеулер институтының профессоры БҰҰ сарапшысы Шахрбану Таджбакш (Shahrbanu Tajbakhsh) білдірді.

Казинформ 

Зерендіде жылу құбыры жарылған-Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат-Ақмола облысының Зеренді селосында жарылған бір орталықтандырылған жылу құбыры қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Вашингтонда ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің АҚШ-қа ресми сапарының аясында іскер топ өкілдері бірқатар құжаттарға қол қойды. Олардың арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

18 қаңтарда Астанада өтетін маңызды шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қаңтар, бейсенбі күні Астанада бірқатар маңызды шаралар өтеді. Соның басым бөлігі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауын талқылауға арналған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Назарбаевтың АҚШ-қа сапары ұзақмерзімді қарым-қатынастың алғашқы қадамы - америкалық сарапшы

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапары Қазақстан-АҚШ арасындағы ұзаққа созылатын қарым-қатынастың алғашқы қадам болды. Мұндай пікірді «Мұра» қоры Сыртқы саясат орталығының директоры Люк Коффи білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Bilim-all 

Дәптер

Оманың жазу-сызуды үйренуі-ақ мұң екен, тіпті қолды-аяққа тұрмады. Үй қабырғасында көмірмен шимайланбаған бір жер қалмады: "Су ағады". "Жапырақ қыбырлайды".

Казинформ 

Ақтөбеде кәсіпкерлер жиі кедергіге тап болатын салалар анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкерлер жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы бөлімдері мен салық, мемлекеттік сатып алу жұмыстары кезінде кедіргілерге тап болады. Былтыр аймақтық кәсіпкерлер палатасы 200-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Казинформ 

2017 жылы Алтынкөл станциясы арқылы 1,5 млн тонна жүк өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2017 жылы Алматы облысындағы Алтынкөл станциясы арқылы 1,5 млн тонна жүк өтті. Қытайдан келген жүк пойызы 4 сағатқа жуық уақытта қабылданып, барлық құжаттары рәсімделеді. Дегенмен кеден қызметінде әлі де қағазбастылық көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Былтыр Қазақстан 120 мың тоннадан астам дəнді жəне майлы дақылдарды экспорттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 120 мың тоннадан астам дəнді жəне майлы дақылдарды экспорттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Казинформ 

Қытайда қазақтың материалдық емес мұрасының мұрагері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Мәдениет министрлігі мемлекеттік дәрежедегі материалдық емес мұраларды жалғастырушы мұрагерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды People Daily жаңалықтар сайты.

Azattyq.org 

Каталония парламенті спикер сайлады

Каталонияның жаңа парламенті бірінші отырысында автономия тәуелсіздігін жақтаушы Роже Торренді спикер қылып сайлады. "Солшыл республикашылдар" партиясының өкіліне 135 депутаттың 65-і дауыс берген. Қаңтардың соңына дейін парламент Каталония әкімшілігінің басшысын сайлауы тиіс. Былтыр желтоқсанның 21-і мерзімінен бұрын болған парламент сайлауында Каталонияның бұрынғы президенті Карлес Пучдемон бастаған аймақ тәуелсіздігін жақтаушылар жеңген. Испания билігі Пучдемон бастаған қозғалыс әрекетін бүлік деп таныған. Читать дальше...

Казинформ 

Өскемендегі зауыт тантал мен титаннан имплант өндірмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты тантал мен титаннан имплант өндірмек. Бұл жобаға Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.