Олимпиада-2018: Қазақстанның Туы атлеттер ауылына алғашқылардың бірі болып ілінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті қазақстандық спортшыларды күтіп алуға сақадай сай тұр. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.