World News in Kazakh
Январь
2018

Новости за 28.01.2018

Казинформ 

Парижді су басып жатыр

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Францияның бірқатар өңірлерінде су тасқыны туралы ескертулер жарияланды. Сена өзеніндегі су деңгейі тоқтаусыз көтеріліп жатыр.

Казинформ 

29 қаңтарда ел аумағының басым бөлігінде қатты аяз сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Ел аумағы  әлі де антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын  күтіледі.

Казинформ 

Олимпиада-2018: Қазақстанның Туы атлеттер ауылына алғашқылардың бірі болып ілінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті қазақстандық спортшыларды күтіп алуға сақадай сай тұр. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Хоккей: «Барыс» сырт айдында «Куньлунь Ред Стар» командасын ойсырата ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) соңғы ойындарының бірін Астананың «Барысы» Бейжіңде «Куньлунь Ред Стар» командасымен өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Дәурен Абаев: Цифрландыру - ауыл мен қаланың алшақтығын қысқартады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын толыққанды жүзеге асыру мақсатында қолға алынған 120 іс-шараның 20-ы биыл қолға алынады. «Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Apta» бағдарламасында қонақта болған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Bilim-all 

Қыс

Қыстың суық түндері. Қызыққа толы күндері. Бір-бірімізді қуалап, Қар лақтырып ойнаған.

Казинформ 

Астанада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушыларына дүйсенбі, 29 қаңтарда сабақ болмайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Bilim-all 

Анашым

Анашым асылым, ардағым, Сізге мен ән арнадым. Мақтанышым әрқашан. Түн ұйқысын төрт бөліп,

Bilim-all 

Мектебім

Мектеп біздің үйіміз. Білім тәлім беретін, Мен ақылды боламын, Мектептен алған біліммен.

Bilim-all 

Өтірік өлең

Мініп екі барысты, Екі сиыр жарысты, Он минуттың ішінде, Екі айналды Марсты

Казинформ 

Алматыда студенттер арасында шахмат, тоғызқұмалақтан үздіктері таңдалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланфың ақпараттық-спорттық хабына сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Қарағандыда ішіп алып көлік жүргізген әкім ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мас күйде көлік жүргізгені үшін Ақтоғай ауданындағы Кежек ауылдық округінің әкімі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Azattyq.org 

БАҚ: Африндағы әскери операция басталғалы 89 адам өлген

Сирияның солтүстігіндегі Африн провинциясында Түркия "Зәйтүн бұтағы" әскери операциясын бастағалы бері 89 адам қаза тауып, 198 адам жараланды деп хабарлады күрдтердің ANF News агенттігі аймақтың денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап. Агенттік мәліметінше, қаза тапқандардың көбі – әйелдер мен балалар. Денсаулық сақтау департаменті халықаралық ұйымдарды Африна ауруханасына дәрі-дәрмектен көмек жасауға шақырған. Бұған дейін түрік әскерилері операция басталғалы бері күрд қарулы топтарының 400-ге жуық жасағы өлген деп хабарлаған. Читать дальше...