World News in Kazakh

Наурыз көже қалай дайындалады: «ҚазАқпарат» танымал тұлғалардың рецептін ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барша түркі жұртының ортақ тойы, жыл басы - Әз наурыз да келіп жетті. Бұл күні әр шаңырақта қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурыз көже дайындалады. Айта кетерлігі, наурыз көжені дайындаудың белгілі бір тәсілі жоқ. Оны әркім өз қалауы бойынша пісіреді. Мысалға, әжелеріміз май сақтаған қарынды жуып, көженің түбіне салады екен. Тұз бен май сіңген қарын көжеге ерекше дәм кіргізеді. Тағы бір әдіс бойынша, дәкеге түйіліп, жылқының ысталған жалы қайнатылған. Оны үлкен әжелер аршамен, адыраспанмен, не басқа да шөптермен ыстап, Наурызға дейін арнайы сақтаған. Бұл көжеге ерекше дәм кіргізіп қана қоймай, оның құрамына емдік, дәрумендік те әсер берген.   

Читайте на сайте