World News in Kazakh
Март
2018

Новости за 21.03.2018

Казинформ 

Наурыздың бал татыған тағамы - сумалак қалай дайындалады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Сумалак - өзбектердің сүйсіне әзірлейтін, тамсана жейтін тағамы. Әрі пайдалы, әрі дәмді, әрі денеге қуат беретін осы тағам қазақ арасына аса танымал емес. Наурыздың ерекше астарының бірі болғандықтан, мереке қарсаңында оның шығу тегі, әзірлеу технологиясы жайлы өзбек ғалымдарынан сұрап көрген едік.

Azattyq.org 

Нұрлан Ерімбетов қайтыс болды

Өткен түнде Ұлттық онкология және трансплантология орталығында қоғам қайраткер, Қазақстан азаматтық альянсының бұрынғы төрағасы Нұрлан Ерімбетов 58 жасына қараған шағында қайтыс болды. Нұрлан Ерімбетов әр жылдарда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, президентшіл "Отан" партиясы саяси кеңесінің хатшысы, "Отан" партиясы төрағасы міндетін атқарушының кеңесшісі, "Ақ жол" партияс төрағасының кеңесшісі болып істеген. Өмірінің соңына қарай Ерімбетов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамында компания омбудсмені қызметін атқарған. Читать дальше...

Azattyq.org 

Назарбаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін Астанадағы Конгресс орталығында "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел" мюзиклін тамашалғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты Наурыз мейрамымен құттықтады деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері. "Менің Жарлығым бойынша, Наурызды үш күн тойлайтын боламыз. Бағзы заманнан келе жатқан мереке Тәуелсіздікпен бірге қайта оралды. Мінеки, Тәуелсіздікті алғалы бері осы Наурызды атап келе жатырмыз. Түбінде бұл біздің негізгі жаңажылдық мерекеміз болады. Читать дальше...

Bilim-all 

Жабайы аққулар

Біздің жақта қыс түскен кезде қарлығаштар ұшып баратын сонау ит арқасы қияндағы бір елде король болыпты. Оның өндірдей он бір ұлы, Элиза деген жалғыз қызы бар еді. Ағалы-інілі он бір ханзада мектепте сабақ алатын.

Azattyq.org 

АҚШ: Мэриленд мектебіндегі атыстан үш адам жараланған

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Great Mills High School орта мектебінде сейсенбі күні атыс болған. Соңғы мәлімет бойынша, оқ тиіп жараланған үш адамның арасында атысқа күдікті де бар. Қалған екеуі – 16 жастағы қыз және 14 жастағы жасөспірім ұл бала ауруханада жатыр. Қыздың жағдайы ауыр деп хабарланды. CNBS "атыстан үш зардап шеккен, кейін күдікті оқушы ауруханада көз жұмған" деп хабарлады. Оқиға болған мектептің ғимараты дереу жабылып, ол жерге билік, полиция мен өзге күш құрылымдары өкілдері барған. Читать дальше...

Казинформ 

Нұрсұлтан Назарбаев Наурызға арналған мюзиклді тамашалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Конгресс орталығында Наурыз мейрамына арналған "Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел" атты жаңа мюзикл қойылды. Мерекелік шараны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Жамбыл Артықбаев: Наурыз – салт-дәстүрді түгендеу емес - тірілту

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз, ежелден Ұлыстың ұлы күні - табиғат пен адам рухының жаңаруы ретінде тойланатын ұлық мейрам. Көктемнің осынау ерекше сәтін қазақ Жыл басы деп те әспеттейді. Молшылықтың, қуаныш пен шаттықтың, ең бастысы табиғаттың тіріліп, тіршіліктің жаңару көрінісі деп түсінеді. Ұлыстың  ұлы күні қарсаңында елімізге танымал тарихшы-этнограф Жамбыл Артықбаевтан мейрамның мән-маңызы туралы әңгімелескен едік.   

Казинформ 

Асыл дінімізбен үйлескен мереке бауырмалдық пен татулыққа үндейді - Бас мүфти

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Azattyq.org 

Юнкер Путинді Еуропадағы қауіпсіздікті қалпына келтіруге шақырды

Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер Ресей президенті Владимир Путинді Еуропа құрлығындағы қауіпсіздік үшін әріптестікті қайтадан қалпына келтіруге шақырды. Бұл туралы ол Путинді Ресей президенті болып сайлануына байланысты құттықтау хатында айтқаны туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парағына жазды. "Еуропа Одағы мен Ресей Федерациясы арасындағы жақсы қарым-қатынас – біздің құрлықтағы қауіпсіздік үшін негізгі шарт екенін үнемі айтып жүрмін. Жалпыеуропалық қауіпсіздік тәртібін қалына келтіру біздің ортақ мақсатымыз болуы тиіс"... Читать дальше...

Казинформ 

«GGG» Альваресті алғашқы айқас алдында допинг пайдаланды деп айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварестің тыйым салынған заттардан «таза» болғанына күмән келтіруде, деп хабарлайды Sports.kz.  

Azattyq.org 

Трамп Ақ үйде Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Вашингтонда Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мохаммед бин Салман ханзадамен кездесті. Ақ үй басшысының сөзінше, Сауд Арабиясына америкалық әскери техника мен қару-жарақ сату туралы бұған дейін жасалған және іске асырыла бастаған келісім арқасында "АҚШ-та 40 мыңнан аса жұмыс орнын" ашуға мүмкіндік бергенін айтқан. "Обама әкімшілігі тұсында [екі ел арасындағы] қарым-қатынас, жұмсартып айтқанда, өте шиеленісті болған болса, қазір қарым-қатынасымыз, бұрын болып көрмеген дәрежеде жақсарды", - деген Трамп. Читать дальше...

Казинформ 

Наурыз көже қалай дайындалады: «ҚазАқпарат» танымал тұлғалардың рецептін ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барша түркі жұртының ортақ тойы, жыл басы - Әз наурыз да келіп жетті. Бұл күні әр шаңырақта қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурыз көже дайындалады. Айта кетерлігі, наурыз көжені дайындаудың белгілі бір тәсілі жоқ. Оны әркім өз қалауы бойынша пісіреді. Мысалға, әжелеріміз май сақтаған қарынды жуып, көженің түбіне салады екен. Тұз бен май сіңген қарын көжеге ерекше дәм кіргізеді. Тағы бір әдіс бойынша, дәкеге түйіліп, жылқының ысталған жалы қайнатылған. Читать дальше...

Azattyq.org 

Астана мен Көкшетаудан шығатын жолдар жабық

Ауа райына байланысты Астанадан бірнеше бағыт бойынша шығатын жолдар жабылды деп хабарлайды Тengrinews сайты. Астана мен Қарағанды, Қорғалжың, Қабанбай батыр, Көкшетау арасындағы жолдар қөктайғақ салдарынан жабылған. Сол тәрізді сияқты, Көкшетау - Атбасар, Көккшетау - Макинск - Ақсу - Тоғай, Көкшетау - Омбы, Көкшетау - Петропавлск, Көкшетау – Рузаевка бағыты бойынша да көлік жолдары жабық тұр.