World News in Kazakh

Еревандағы шеру тоғызыншы күнге ұласты

Ереванда жаңадан тағайындалған премьер-министр Серж Саргсянға қарсы наразылық шарасының өтіп жатқанына бір аптадан асты. Саргсян президенттіктен кетер алдында Армения Конституциясы өзгертіліп, ел парламенттік басқару жүйесіне өткен. Елдегі билік үкімет басшысының қолына тиді. Оппозиция Саргсянді билікті басып алды деп айыптап, отставкаға кетуін талап етеді.

Читайте на сайте