Әзербайжанда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді деген ақпарат жалған
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда кезекті парламенттік сайлау 2020 жылы өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні биліктегі «Ени Азербайжан» партиясы төрағасының орынбасары - атқарушы директор Али Ахмедов мәлім етті, деп хабарлайды Trend агенттігі.