ОҚО-да өзбекстандық театр ұжымының күндері өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өзбек ұлттық академиялық драма театрының гастрольдік іссапары өтті. Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылы аясында өңірге келген көрші елдің өнер ұжымы үш күн бойы облыс жұртшылығына Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын ұсынып, зор қошеметке бөленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.