Қазақстанда «жасыл» жобалардың бірыңғай мәліметтер базасы жасалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алдағы уақытта «жасыл» жобалардың бірыңғай мәліметтер базасы құрылады. Бұл туралы «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың Халықаралық орталығының басқарма төрағасы Арман Қашқынбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.