Ақтөбе облысында бұғы мүйізімен емдейтін шипажай ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында «Зәру» пантомен емдеу шипажайы ашылды. Салтанатты шара барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жобаның жергілікті тұрғындарды сауықтыруға және облыс туризмінің дамуына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.