World News in Kazakh
Июнь
2018

Новости за 21.06.2018

Казинформ 

Қазақстандықтар отшашуда бір көзінен айырылған қызды емдетуге қаржы жинап берді


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда отшашудың кесірінен көзін зақымдап алған бойжеткеннің еміне қажетті қаражат толық жиналды. Бұл туралы Римма Асқарова Инстаграмдағы парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстанда тарифті реттеу саласында жаңадан екі жаңа институт құрылады


АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы негізінде тарифтік саясатқа біршама өзгерістер енгізгелі жатыр. Заң жобасының мақсаты туралы Мәжілісте «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы және тариф белгілеуді жетілдіру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ҚР ҰЭМ вице-министрі Серік Жұманғарин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

ІІД: Маңғыстау облысында "қыз алып қашқан" адамға іс қозғалды

Маңғыстау облысы Шетпе кентінің тұрғыны, "кәмелетке толмаған қызды ұрлады деген күдікті 21 жастағы ер адамның үстінен қылмысты іс қозғалды деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетпелік тұрғын биыл сәуірде Шетпеде тұратын 15 жастағы қызды "үйлену мақсатында" алып қашқан. Бұл факті бойынша "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы басқа да әрекет жасау" бабымен іс қозғалған. Полицияның мәліметінше... Читать дальше...

Казинформ 

ӘЧ-2018: Франция мен Перу 36 жылдан кейін қайта кездеседі


АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем біріншілігі финалдық кезеңінің бүгінгі жарыс шымылдығын С тобындағы Франция мен Перу құрамалары ашады. Бұл кездесу Перу құрамасының жарысты жалғастыру мүмкіндігін анықтайтын ойын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

ӘЧ-2018: Франция мен Перу 35 жылдан кейін қайта кездеседі


АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем біріншілігі финалдық кезеңінің бүгінгі жарыс шымылдығын С тобындағы Франция мен Перу құрамалары ашады. Бұл кездесу Перу құрамасының жарысты жалғастыру мүмкіндігін анықтайтын ойын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ақтөбе облысында бұғы мүйізімен емдейтін шипажай ашылды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында «Зәру» пантомен емдеу шипажайы ашылды. Салтанатты шара барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жобаның жергілікті тұрғындарды сауықтыруға және облыс туризмінің дамуына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді. 

Казинформ 

«7-20-25» аясында кепіл мүлкін кедергісіз сату мүмкіндігі болуы тиіс - Ұлттық банк


АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында банктер халыққа жақын арада несиелер бере бастайды. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қарағанды облысында елорда күндері басталды


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың 20 жылдығына орай Қарағанды облысында елорда күндері басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елорданың Мәдениет және спорт басқармасының мәліметінше, астаналық шығармашылық ұжымдар әзірлеген бағдарлама тосын сыйларға толы әрі қызықты болады. Көрмелер, концерттер, Open Air және цирк шоуы өткізіледі.

Казинформ 

Семейде өрттен ер адам көз жұмды


СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жекеменшік үйден шыққан өрттің салдарынан ер адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Azattyq.org 

Сенат Қытаймен Қорғас өзенінде бөгет салу келісімін мақұлдады

Парламент сенатының депутаттары 21 маусымда "Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Қорғас өзенінде селден қорғайтын ортақ Шүкірбұлақ бөгетінің құрылысында ынтымақтастық орнату туралы келісімді ратификациялау туралы" заңын қабылдады. Заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, бөгет Қазақстан мен Қытайдың ортақ меншігі болады. Бөгетті салуға кететін қаржыны екі ел теңдей шығарады. Бөгет салу жобасын Қазақстан жағынан Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті... Читать дальше...

Azattyq.org 

Түркіменстанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынды

Түркіменстанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынды. Отбасы кодексіне  бұл туралы арнайы норма енгізіліп, оған ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған. Түркіменстанда 19 маусым күні мемлекеттік баспасөзде Отбасы кодексіне енігзілген өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жарияланды. Кодекстің 7-бабына енгізілген өзгеріске сәйкес "Түркіменстанда көп әйел алуға жол берілмейді". Онда "көп әйел алу" дегенге де түсінік берілген. "Екі немесе одан да көп әйелмен бір мезгілде бірге тұрып... Читать дальше...

Казинформ 

ҰБТ-2018: Алғашқы күннің қорытындысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-ның алғашқы күнінің қорытындысын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстанда есеп айырысуда шетел валютасын қысқарту міндеті тұр - Данияр Ақышев


АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

WBC басшысы Головкин мен Альварестің жас айырмашылығы туралы айтты


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында ымырасыз жекпе-жек болатынын айтты, деп жазады Sports.kz.    

Казинформ 

Серік Қонақбаев Моңғолия президентімен кездесті


АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) вице-президенті, Азия бокс конфедерациясының (ASBC) президенті Серік Қонақбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.