World News in Kazakh

Дустумның елге оралуы

Ауғанстан вице-президенті Абдул Рашид Дустум 14 айдан кейін еліне оралды. Оның осы аралықта Түркияда болып, емделгені айтылады. Генерал Дустум былтыр мамыр айында саяси қарсыласы Ахмад Ишчиді ұрлап әкетіп, азаптау оқиғасына қатысы бар деген күдікке ілінген соң елден кеткен. Бірақ Абдул Рашид Дустумға қарсы ресми айып тағылмады.Оны Анкарадан арнайы үкімет ұшағы елге алып келді. Оны ресми делегация мен жақтастары күтіп алды. Ол енді өзінің вице-президент қызметіне қайта кірісуі мүмкін. Дустум елге келген кезде Кабул әуежайында қалың топтың арасында жанкешті өзін жарып жіберді. Жарылыс Абдул Рашид Дустумның кортежі әуежайдан шығып кеткен соң болды. Жарылыстан ондаған адам қаза тауып, тағы да ондаған адам жараланды.

Читайте на сайте