Африкада ресейлік үш журналисті өлтіріп кеткен
Орталық Африка Республикасында ресейлік журналистер Орхан Джемаль, оператор Кирилл Радченко және режиссер Александр Расторгуевті белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. Бұл ақпаратты алдымен AFP ақпарат агенттігі таратты. Артынша Орталық Африка Республикасындағы Ресей елшілігі, БҰҰ миссиясы, жергілікті билік бұл ақпаратты растады.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Джемаль, Радченко және Расторгуев Африкаға "ЧВК Вагнер" жеке әскери ұйымы туралы фильм түсіруге барған.
"Интерфакс" ақпарат агенттігінің дерегінше, түсірілім тобы ел астанасы Банги қаласынан келе жатқанда жолда белгісіз біреулер қарақшылық жасаған деген болжам бар.