«Альстом» компаниясы жобаларын Алматыда жүзеге асыруды жоспарлап отыр
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Францияның «Альстом» машина жасау компаниясы екі жобаны Алматыда жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Брюссельде өткен қазақстандық-еуропалық бизнес-форум барысында сөйлеген сөзінде Басқарма мүшесі Филипп Делер мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі.