Синоптиктердің 21 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағында ауа райына антициклон слемі ықпал ететін болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз, аязды күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күшті жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.