World News in Kazakh
Ноябрь
2015

Новости за 10.11.2015

Казинформ 

18 желтоқсанда Бейбіт Шүменов бұрынғы әлем чемпионы Кшиштоф Влодарчикпен жекпе-жекке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 желтоқсанда АҚШ Невада штатының Лас-Вегас қаласында WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы уақытша әлем чемпионы 32 жастағы Бейбіт Шүменов осы салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 34 жастағы поляк Кшиштоф Влодарчикпен жекпе-жекке шығады.

Казинформ 

Ақтөбеде ӘКК басшысы қызметінен босатылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» директорлар кеңесінің кезекті отырысында кеңес төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев корпорация жұмысын сынға алды.

Казинформ 

ФОТОРЕПОРТАЖ: Dubai airshow-2015 авиациялық көрмесі

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Осы күндері Дубайда Dubai airshow-2015 авиациялық көрмесі өтіп жатыр. Халықаралық әуе салоны әлемдік азаматтық және әскери әуе өнеркәсібіндегі негізгі оқиғалардың бірі болып табылады, көрме екі жылда бір рет өткізіледі. Кешеннің көрме ауданы 645 мың шаршы метрді құрап отыр.

Казинформ 

Алматыда жекеменшік үйде өрт шығып, ер адам қаза тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі отбасыға арналған барақ үй өртке оранды. Салдарынан екі адам жапа шегіп, бір ер адам қаза болды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Казинформ 

М.Әуезов атындағы театр ұжымы 15 медаль, 17 алғыс хатпен марапатталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығына белсене атсалысқан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлерін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 15 медаль, 17 алғыс хатпен марапаттады. Бүгін театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл актерлерді құттықтап, медальдар мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды өнер ордасының баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Головкин Сан-Антонио қаласында медиа-ланч өткізіп, жанкүйерлерімен кездесті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA (Super), IBF, IBO и WBC (Interim) тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында баспасөз мәслихаты мен медиа-ланч өткізді, деп хабарлайды kazsport.kz спортшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Қызылордалық кикбоксшылар Қазақстан кубогынан жүлделі оралды

 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Астана қаласында кикбоксингтен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогында қызылордалық кикбоксшылар 2 алтын, 1 күміс жүлдені иеленді,-деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Казинформ 

Павлодар облысында азық-түлік бағасы тұрақты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында тауар азық-түлік бағасы тұрақты. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңес барысында айтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Казинформ 

Үздік стартап байқауында бас жүлдеге 25 мың доллар тігілді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтетін осы үздік стартап байқауына бастапқыда 312 түрлі жоба іріктеуге түскен. Қазылар алқасы тек ең үздік деп тапқан онына ғана финалға жолдама берді, деп хабарлайды 24.kz.

Казинформ 

Көкшетауда ҰОС ардагерін 90-жылдық мерейтойымен құттықтады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысы әкімінің атынан Көкшетау қаласының құрметті азаматы Асылбек  Дәулетовты 90-жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. 

Казинформ 

А. Дауылбаев Сочиде өткен Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының аймақтық конференциясына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Сочи қаласында өткен Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының (ПХҚ) Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия мемлекеттеріне арналған 7-ші аймақтық конференциясына қатысты.

Казинформ 

Д.Назарбаева: Денсаулық сақтау саласындағылар үшін халықтың әділ бағасын алу - басты міндет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халыққа медициналық қызмет етудің сапасын көтеру және тұрғындардың қажеттілігіне орай қызмет ету - бұл ел денсаулық саласындағы басты міндет, деп мәлімдеді елордалық әкімдікте болған кездесуде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева.

Казинформ 

Қытайлық жігіт ұнатқан қызына 100 мың ащы бұрыштың көмегімен сөз салған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Сычуань провинциясының тұрғыны өзі ұнатқан қызына жүрегі мен қолын ұсынудың ерекше әдісін ойлап тапты. Ер адам мұны сүйіктісі жақсы көретін ащы бұрыштың 99 мың 999 данасы арқылы жасады. 

Казинформ 

Kaspi Bank акционерлері жаңа холдинг құрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаулысы негізінде «Kaspi» акционерлік қоғамына банктік холдинг дәрежесін алуға келісім берді, деп хабарланған банктің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Казинформ 

«Almaty Tech Garden» Алматының Орталық Азия өңірінде көшбасшы стартап хабқа айналуына мүмкіндік береді - Ә.Исекешев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Инновация апталығы» аясында қазақ-британ техникалық университетінде «Болашақтың энергиясы - Road to EXPO» тақырыбында «EXPO Startup Day» шарасы болып өтті.

Казинформ 

Қостанайда алты облыстың судьяларының басын қосқан аймақтық семинар өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облыстық сотында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында «Шарттық қатынастар бойынша азаматтық істерді қараудағы өзекті мәселелер» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Казинформ 

Алматыда жарақат алған адамдарды оңалту орталығы құрылады - Ж.Қасымжанова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда дәрігерлер қауымы «Алматы-2020» даму бағдарламасын талқылады. Шараға қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қалалық медициналық ұйымдардың жетекшілері, дәрігерлер, ЖОО ректорлары қатысты.