Головкин Сан-Антонио қаласында медиа-ланч өткізіп, жанкүйерлерімен кездесті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA (Super), IBF, IBO и WBC (Interim) тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында баспасөз мәслихаты мен медиа-ланч өткізді, деп хабарлайды kazsport.kz спортшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.