World News in Kazakh
Март
2016

Новости за 21.03.2016

Казинформ 

Қазақстан сайлауы ұйымдастыруды жоғары деңгейімен ерекшеленеді - Канадалық байқаушы Маргарет Скок

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына арналған брифингте халықаралық байқаушы, Канаданың Қазақстандағы бұрынғы елшісі, Халықаралық басқару және инновациялары орталығының ғылыми қызметкері Маргарет Скок (Канада) Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады.

Казинформ 

Астанада Елбасының қатысуымен жеңімпаздар форумы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеше, 20 наурыз күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында халықтың басым дауысын жинаған «Нұр Отан» партиясының жеңімпаздар форумы өтуде.

Казинформ 

АҚШ байқаушысы Қазақстандағы Парламент сайлауын Америкадағы президенттік сайлаумен салыстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына арналған брифингте халықаралық байқаушы, Вашингтон штатының экс-конгрессмені  (АҚШ) Дон Боркер Қазақстандағы сайлауды АҚШ-тағы президенттік сайлаумен салыстырды.

Казинформ 

Қазақстан халқы бізден де күшті халық - АҚШ сарапшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы бізден де күшті халық. Бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына арналған брифингте халықаралық байқаушы, Халықаралық салық және инвестиция орталығының президенті (АҚШ) Даниель Алан Витт осындай пікір білдірді.

Казинформ 

Малайзиялық студенттерді «Назарбаев» Университетіне тартуға дайынмын - Малайзия ОСК төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзиялық студенттерді «Назарбаев» Университетіне тартуға дайынмын. Бүгін Малайзия Сайлау комиссиясының төрағасы Мохд Хашим Абдулла осылай деді.

Казинформ 

ҚР ОСК: Алдын ала қорытындылар бойынша Мәжіліске үш саяси партия өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі үш саяси партиядан жасақталады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі  сайлауының алдын ала қорытындысын жариялаған ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов осылай мәлім етті.

Казинформ 

Сайлау Президент Н. Назарбаевқа деген халық сенімін көрсетті - АҚШ байқаушысы В. Сокор

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау Президент Н. Назарбаевқа деген халық сенімін көрсетті. Бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына арналған брифингте халықаралық байқаушы, The Jamestown Foundation аға ғылыми қызметкер (АҚШ) Владимир Сокор осындай пікір білдірді.

Казинформ 

Қазақстанда сайлау ашық және бәсекелестік негізде өткізілді - Омер Кожаман

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда Парламент Мәжілісі депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау науқаны ашық және бәсекелестік негізде өткізілді. Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты өткен баспасөз мәслихаты барысында халықаралық бақылаушы, Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары, Түркия елінің азаматы Омер Кожаман мәлім етті.

Казинформ 

Жапонияда заманауи кітапхана үлгісіне ұқсайтын айрықша қабірстан ашылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда өмір сүруге ғана емес, жерлеуге де жер жетіспейді. Токио орталығындағы бейіттерде бір қабірдің орны өте қымбат - 100 000 доллардан асып кетеді. Жапондар марқұмдардың күлі салынған құмыраларды жіктелген сөрелерге қойып, оны жетілдірілген жүйе негізінде келушілерге жедел ұсынатын соңғы технрологиялық үлгідегі шағын орындар ашып тығырықтан шығуды жолын тапты. Осындай ғажайып қабірстан жайында Motherboard басылымының Cool Japan блогы жазады.

Казинформ 

Беларусь байқаушылары қазақстандықтардың кең пейіліне риза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь байқаушылары қазақстандықтардың кең пейіліне риза болды. Бұл туралы бүгін Беларусь Орталық сайлау және референдумдар өткізу  комиссиясының мүшесі Иван Щурок айтты.

Казинформ 

Андрей Чеботарев: Қазақстан Парламентіне заңмен жұмыс істеуде тәжірибесі барлар келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламентіне заңмен жұмыс істеуде тәжірибесі барлар келеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысты пікір білдірген «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев осылай мәлімдеді.

Казинформ 

Елбасы ҚХА сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада ҚХА сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Казинформ 

Сайлау Қазақстандағы демократияның нығаюына қатысты жасаған ерекше қадам болды - АҚШ байқаушысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау Қазақстандағы демократияның нығаюына қатысты жасаған ерекше қадамы болды. Бүгін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына арналған брифингте халықаралық байқаушы, Халықаралық салық және инвестиция орталығының президенті (АҚШ) Даниель Алан Витт осындай пікір білдірді.

Казинформ 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында бірқатар жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты  (боран, жолдың  дұрыс көрінбеуі) Қостанай облысында облыстық маңызы бар барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Казинформ 

Британия Еуроодақтан шыққан кезде 145 миллион долларға дейін жоғалтуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ЕО құрамынан шығу британ экономикасына елеулі соққы болып тиюі мүмкін. Себебі олар төрт жыл үшін 145 миллион долларға дейін жоғалтуы мүмкін, делінген CBI зерттеу тобының есебінде.

Казинформ 

Қазақстанның сайлау комиссиялары өз қызметтерін ашық әрі әділ өткізді - түркіменстандық байқаушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сайлау комиссиялары өз қызметтерін ашық әрі әділ өткізді. Бұл туралы бүгін Түркіменстан Орталық сайлау және референдумдар  комиссиясы төрағасының орынбасары Аллаберди Уссаев айтты.

Казинформ 

Ақтөбе облысында бес бағыттағы жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боран салдарынан Ақтөбе облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу сол күйінде қалдырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК сайтында жарияланды.

Казинформ 

Маған сайлаудағы қазақ әйелдерінің белсенділігі ерекше әсер етті - Андреас Ян

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маған сайлаудағы қазақ әйелдерінің белсенділігі ерекше әсер етті. Бүгін 20 наурызда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына орай пікірін білдірген халықаралық байқаушы, Германия Парламенті Халықаралық істер комитетінің парламенттік хатшысы Андреас Ян осылай мәлім етті.

Казинформ 

Грузия байқаушысы: Мәжіліс пен мәслихат сайлаулары жоғары кәсіби деңгейде өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының  сайлаулары жоғары кәсіби деңгейде өтті. Бұл туралы бүгін Грузия Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Георгий Шарабидзе айтты.

Казинформ 

ТМД миссиясына сайлау процесі барысына қатысты шағымдар мен ескертулер түскен жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД байқаушылары миссиясына сайлау процесі барысына қатысты шағымдар мен ескертулер түскен жоқ. Бұл туралы бүгін Тәжікстан Республикасы Орталық сайлау және референдумдар комиссиясының хатшысы Муистон Азизова айтты.

Казинформ 

Қазақстандағы сайлаудың әділ өткендігі еш күдік тудырмайды - литвалық байқаушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сайлаудың әділ өткендігі еш күдік тудырмайды. Бұл туралы бүгін Литва Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зенонас Вайгаускас айтты.

Казинформ 

Жапониядан келген байқаушы Жамбыл облысында сайлау үрдісі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  ЕҚЫҰ ұзақмерзімді байқаушылар миссиясы және ТМД елдері миссиясының 22 халықаралық байқаушысы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына депутаттарды кезектен тыс сайлау барысын бақылады.

Казинформ 

Мәжіліс депутаттарын сайлау құқығы ҚХА-ның айрықша мәртебесін мойындау болып табылады - Г. Әбдіқалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттарын сайлау құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясының айрықша мәртебесін мойындау болып табылады. Бүгін Астанада ҚХА-ның кезектен тыс ХХІІІ сессиясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.