Жапонияда заманауи кітапхана үлгісіне ұқсайтын айрықша қабірстан ашылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда өмір сүруге ғана емес, жерлеуге де жер жетіспейді. Токио орталығындағы бейіттерде бір қабірдің орны өте қымбат - 100 000 доллардан асып кетеді. Жапондар марқұмдардың күлі салынған құмыраларды жіктелген сөрелерге қойып, оны жетілдірілген жүйе негізінде келушілерге жедел ұсынатын соңғы технрологиялық үлгідегі шағын орындар ашып тығырықтан шығуды жолын тапты. Осындай ғажайып қабірстан жайында Motherboard басылымының Cool Japan блогы жазады.