World News in Kazakh
Ноябрь
2016

Новости за 15.11.2016

Казинформ 

ОҚО-да қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 44 полигонға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен кезекті селекторлық жиын өтті, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Казинформ 

Мысырда бұрынғы президент Мурсиге кесілген өлім жазасы үкімінің күші жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -15 қарашада Мысырда елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиге кесілген өлім жазасының және «Ағайынды мұсылмандар» қозғалысының тағы 21 басшысын өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімінің күші жойылды.

Казинформ 

Оралда белгілі жыршы-термеші Алмас Алматов өнер көрсетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында белгілі жыршы-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

16 қарашада ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қарашада республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады,  кей жерлерінде  жауын-шашын  жауады, орталық және шығыс аймақтарда бұрқасын болуы ықтимал, тек республиканың солтүстігінде  күн ашық. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с  күшейеді.

Казинформ 

Путин Улюкаевты отставкаға жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин сейсенбі, 15 қарашада РФ экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевты отставкаға жіберді. 

Казинформ 

Қошқар 94 жастағы қартты сүзіп өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қошқар шабуыл жасаған  94 жастағы Францияда тұрғыны ажал құшты. Бұл туралы сейсенбі күні, 15 қарашада Daily Mail хабарлады.

Bilim-all 

Астана мектептерінде қандай аязды күндері сабақ тоқтатылады

Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.

Казинформ 

Универсиада қарсаңында әскерилер де ағылшын тілін меңгеріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші қысқы Универсиада кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскерилер ағылшын тілін үйренді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Шыңға өрмелеуші Әсел Марленова Олимпиадаға мектеп залында жаттығуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шыңға өрмелеуден жастар арасында әлем чемпионатының қола медаль жүлдегері, жастар арасында Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы Әсел Марленова үлкен жетістіктерге Астанадағы мектептердің бірінде жаттығып, қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қазақстанда көктемгі аңшылыққа тыйым салынуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілдері өткізген брифингте Қазақстанда кейбір құс түрлеріне көктемгі мерзімде аңшылық жасауға тыйым салу мәселелері көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Bilim-all 

Астанада мұғалімдер мен тәрбиешілер тапшы

Астанада мектепке дейінгі білім беретін мекемелердің тәрбиешілері, орыс тілді бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық түзету мамандары жеткіліксіз. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасын хабарлайды.

Казинформ 

Қазақстанның екі ауыр атлеті Олимпиада медальдарынан айырылатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне 2008 және 2012 жылдары өткен Ойындарда допинг қолданды деген екі жүлдегерді медальдарынан айыру туралы ескерту қағазын жіберді.

Казинформ 

Камалетдинов «Астана» ӨҚ әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.