16 қарашада ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қарашада республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, орталық және шығыс аймақтарда бұрқасын болуы ықтимал, тек республиканың солтүстігінде күн ашық. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с күшейеді.