World News in Kazakh
Май
2017

Новости за 07.05.2017

Казинформ 

Эммануэль Макрон Франция президенті болып сайланды

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияда президент сайлауының екінші турында «Алға» қозғалысының жетекшісі Эммануэль Макрон «Ұлттық майдан» партиясының көшбасшысы Марин Ле Пеннен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Franceinfo порталына сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Қазақ палуандары халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Халық Арена» мұз айдынында өткен Қазақ КСР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен ашық халықаралық турнирде қазақ палуандары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды еншіленді.

Казинформ 

Есілде кеме жүзу маусымы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 11 мамырда Есіл өзенінде кеме жүзу маусымы басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Казинформ 

8 мамырда елімізде құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, шығыста түнгі және таңғы кездері тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Казинформ 

Виктор Демьяненко: Головкин-Альварес айқасында екі жақты соққы алмасу болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Sports.kz-ке Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің алдағы айқасы туралы пікір білдірді.

Казинформ 

Азия чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов финалда нокдаунға түсіп, күмісті қанағат тұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 69 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Жүсіпов ақтық сында өзбек боксшысы Шахрам Гиясовқа есе жіберді. 

Казинформ 

Әскери парадта қандай техникалар көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан 25 жыл бұрын 1992 жылдың 7 мамырында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Казинформ 

Головкин-Альварес жекпе-жегі Лас-Вегас қаласында өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварест арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобына сілтеме жасап.

Казинформ 

Қарағандыда сұрапыл дауыл автобус павильонын құлатып, декорацияны қиратты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қатты соққан жел ОӘД аялдамасындағы автобус павильонын төңкеріп, мерекелік декорацияны қиратты және ағаштарды құлатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Головкиннің Канеломен алғаш рет көз арбасқан сәті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Лас-Вегаста өткен бокс кешінен кейін Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкингің жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслиxаты өтті. Сол жеде екі боксшы алғаш рет көз арбасты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Қазақстандық офицерлер Бейжіңдегі оқ ату жарысында жеңімпаз атанды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дағы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери атташе аппаратының офицерлері Бейжіңде өткен автоматты қарудан оқ ату бойынша халықаралық жарыстан екінші жалпыкомандалық орынды иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі.

Казинформ 

Головкин қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің Instagram-дағы парақшасында отандастарын 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Казинформ 

Астанада қосалқы станцияда болған апаттан кейін жарық беру қалпына келтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше сағат 22.30-да елордадағы Сәтбаев көшесі мен Б. Момышұлы даңғылының қиылысы ауданында ПНФ қосалқы станциясының кабелі өртенді. Апат салдарынан Ақ бұлақ 1, 2, 3 ш/а, Б. Момышұлы даңғылы, 4, 5, шағын аудандар, «Евразия» СО ауданы жарықсыз қалды.

Казинформ 

Головкин мен Альварестің айқасы 16 қыркүйек күні өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, 69.9 келі салмақ дәрежесіндегі мексикалық Сауль «Канело» Альварестің айқасы 16 қыркүйек күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Моңғолиядағы қандасымыз Бранденбург университетінің грантын ұтып алды

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Моңғолиядағы қандасымыз Еркеқұлан Бағдатұлы Италияның Халықаралық физика және математика орталығынан, Германияның Бранденбург технологиялық университетінен жарияланған докторлық дәрежедегі оқуға грант ұтып алды.

Казинформ 

Қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қасиетті жеріміз көкте де, жерде  де, суда да сенімді  қорғалған. Бұл туралы бүгін ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Кәсіпқой бокс: Альварес Чавесті жеңіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегастағы бокс кешінде мексикалық боксшы Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО) өзінің отандасы кіші Хулио Сесар Чавесті (50-2-1, 32 КО) жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Казинформ 

Қарағандыда түрмедегі әйелдің жүкті болып қалуына байланысты екі басшы қызметінен босатылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда АК 159/1 тергеу оқшаулағышы жедел бөлімінің бастығы мен режимдік жұмыс бойынша орынбасары арнайы мекемеде жазасын өтеп жатқан әйелдің жүкті болуы салдарынан қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.