World News in Kazakh
Май
2017

Новости за 08.05.2017

Казинформ 

Атырауда «Қайрат» ФК шабуылшысы Жерар Гоудің бас киімін тапа-тал түсте ұрлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда әлеуметтік желілер арқылы ең белсенді талқыланған тақырып - Кот-д-Ивуар елінің азаматы, бүгінде «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Жерар Гоудың көптеген көрермендердің көзінше бас киімінің ұрлануы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Казинформ 

Оралда майдангерлерге құрмет көрсетілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы Салтанат сарайында соғыс және еңбек ардагерлері бас қосып, оларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Казинформ 

Теміртауда кенттерді су тасқынынан құтқарған кәсіпкерлер марапатталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлер тобы ауылдарды су тасқынынан құтқаруға белсенді жәрдемдескені үшін «Алтын жұлдыз» мүсіні және Теміртау қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Чавес Головкиннің келесі қарсыласы - Альварестің соққысы ауыр тимегенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес жақында өзі есе жіберген Сауль Альварестің жұдырығының күші онша таңғалдырмағанын айтты. 6 мамырда бұл боксшылар    Лас-Вегаста айқас өткізді, онда судьялардың бірауызды шешімімен    Альварес жеңіске жетті.

Казинформ 

Ақтөбеде үйі суға кеткен 66 тұрғынға жер телімі берілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі су тасқыны кезінде 81 үй қирап қалды. Құлаған 66 үйдің иесіне жер телімі беріліп, құрылыс материалдарына 1 миллион теңгеден аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Сапарбаев: Баланы саудаға салуға болмайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баспанасы суда қалып, оқулығына бола уайымдаған 10 жастағы Махаббат Ешімова туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Үшкемпіровтің жүлдесіне «Айфон 6» телефондары тігілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Халық Арена» мұз айдынында өткен Қазақ КСР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған грек-рим күресінен ашық халықаралық турнирде қазақ палуандары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды еншіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Казинформ 

Баспанасы тасқын суда қираған ақтөбеліктер пәтерлі болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі су тасқыны кезінде баспанасы қирап қалған бес отбасыға пәтер берілді. Сонымен қатар тағы 8 отбасы берілген жер теліміне үй салып алғанша уақытша баспанада тұра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

Казинформ 

Қазнетте танымалдылыққа ие болған құттықтау постерінің авторы өз туындысы жайында айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық аниматор Ерден Зікібай Қазнет пайдаланушылары арасында танымал болып кеткен «Отан қорғаушы күнімен» атты құттықтау постері туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 

Казинформ 

Қырғызстанда жер сілкінісінен зардап шеккен ауылдарда шатырдан жасалған мектептер ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 мамырда жер сікінісінен зардап шеккен Ош облысы Чон-Алай ауданы      ауылдарында    шатырдан жасалған мектептер ашылады, деп хабарлады Kabar.kg  Қырғыз Республикасы Білім министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Алимент төлемеген 1 125 елордалыққа ел аумағынан шығуға шектеу қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры Алан Тіленшиевтің төрағалығымен «Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам» атты жоба аясында уәкілетті органдардың қатысумен жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казинформ 

Қарағанды әкімдігі павильонның құлау себептерін анықтауда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды жолаушылар көлігі бөлімі адамдар тұрған автобус аялдамасындағы металл павильонның құлау  фактісі бойынша талқылауды бастады, абырой болғанда, қалалықтар жарақат алмады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Жас каратистер Петропавл дәмханасында ішкен кешкі астан уланып қалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Республикалық спорт жарысының қатысушылары Петропавлда дәмханалардың бірінде кешкі ас ішкеннен кейін ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Казинформ 

Бүркітші қазақ қызы туралы фильм моңғол көрермендеріне жол тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ ұлтының саятшылық өнерін әлемге танытуға өз үлесін қосқан Моңғолиядағы қандасымыз  Айшолпан Нұрғайыпқызының  қызықты өмірі жайлы "The Eagle Huntress" деректі фильмінің моңғол елінің астанасы Ұланбатырда ресми таныстырылымы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі ulgiinews.mn  сайтына сілтеме жасап.