World News in Kazakh
Апрель
2018

Новости за 21.04.2018

Azattyq.org 

Армения премьері оппозицияны келіссөзге шақырды

Арменияның жаңадан тағайындалған премьер-министрі Серж Саргсян елдегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жариялады. Премьер-министрдің ресми сайтында шыққан мәлімдемеде Саргсян оппозиция өкілі, ереуілшілердің басында жүрген Никол Пашинянды саяси келіссөз жүргізуге шақырды.  Саргсянның сөзінше, халықтың көшеге шығып өз ойын білдіруге, митинг өткізуіне құқығы бар. Бірақ Еревандағы шерулер заң шегінен шығып кетіп жатыр.  Еревандағы наразылық 21 сәуірде де жалғасты. Тоғызыншы күн қатарынан өтіп жатқан ереуіл кезінде жүздеген адам ұсталған. Читать дальше...

Казинформ 

Ресейдің танымал актрисасы Нина Дорошина көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің әйгілі актрисасы, «Махаббат және кептерлер» (Любовь и голуби) фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған Нина Дорошина 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Мәскеу қаласы Мәдениет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Ақтөбеде 200 мың түп ағаш егілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер бүгін жаппай сенбілікке шығып, саябақтарға ағаш екті. Шымкенттен эстафета қабылдаған Ақтөбе қаласы 200 мың түп ағаш отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Жаңа Жібек жолына сақтықпен қарауға шақырады

Батыс басылымдары осы аптада Қытайдың жаңа Жібек жолы бастамасының Қазақстанға әсерін, Трамптың қазақстандық бизнесмендермен байланысы және Головкиннің жаңа қарсыласы туралы жазды.

Казинформ 

Ақтөбеде ең сұлу сәйгүлік анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі ипподромда бүгін ең сұлу сәйгүлік анықталды. Сайысқа қатысқандар өз-өзін таныстырып, ат үстінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Ақтөбеде ең сұлу сәйгілік анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі ипподромда бүгін ең сұлу сәйгүлік анықталды. Сайысқа қатысқандар өз-өзін таныстырып, ат үстінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Астананың 20 жылдығының құрметіне жиырма мың қарағай көшеті отырғызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары және Қазақ агротехникалық университетінің студенттері елорданың Жасыл белдеуіне 20 мың қарағай көшетін отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

Ильхам Әлиев көмекшісін премьер етіп тағайындады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ішкі істер бойынша кеңесшісі Новруз Мамедов ел премьер-министрі болып сайланды. Оның кандидатурасын Әлиевтің өзі ұсынды. Милли Меджлис (парламент) депутаттары президент ұсынысын бірауыздан мақұлдады.  Оқи отырыңыз: Өмір бойы билікте отыра алатын президенттер Биліктегі "Жаңа Әзербайжан" партиясын басқаратын Илхам Әлиев 11 сәуірде өткен президент сайлауында жеңіске жеткен. Ол осымен қатарынан төртінші мерзімге президент болып сайланды. Human Rights Watch (HRW)... Читать дальше...

Казинформ 

Атырауда әкімдік қызметкерлері мемлекет иелігіне қайтарылған саябақты қоқыстан тазартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда қаланы санитарлық тазалаудың екі айлығы шеңберінде жалпықалалық сенбілік басталды,  деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Казинформ 

«Қос бейіт» кесенесі: Байдың қызы мен жылқышы жігіттің махаббатының белгісі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Жақсы ауданының Терісаққан ауылы маңында «Қос бейіт» деп аталатын кесене бар. Жазық далада алыстан көрінетін қос төбеден пайда болған кесененің былайша аталуының өзіндік тарихы бар. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Серік Ысқақов айтып берді.

Казинформ 

Қостанайда мемлекеттік қызмет аллеясы ашылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қызметкерлері «Мемлекеттік қызмет аллеясын» орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.