World News in Kazakh
Май
2018

Новости за 30.05.2018

Казинформ 

Головкин Сондерспен жекпе-жекке шықса көп табыс табуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Том Хокбаум Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасында ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Казинформ 

Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде 38-орынды иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 24 мамырда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін зерттеу орталығы 2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Казинформ 

Шымкент мұнай өңдеу зауытынан «шыққан» өрт сөндірілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің мұнай өңдеу зауытында шартты өрт сөндірілді. Өңірдің өрт сөндірушілері тез тұтанғыш сұйықтықты сақтайтын және пайдаланатын нысандарындағы өртті сөндіру бойынша дағдыларын машықтау, басшы құрамның осындай нысандардағы өртті сөндіру барысына жетекшілік жасау дағдыларын жетілдіру мақсатында өрт-тактикалық жаттығуын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

Атырау облысында менингитке шалдығу оқиғасы жоқ

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда Атырауда менингит оқиғасы тұрғындар арасында тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Казинформ 

Семейде полиция көлігі аударылып қалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде УАЗ полиция көлігі жедел жәрдем көлігімен соқтығысқаннан кейін, аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Azattyq.org 

"Украинада соғысқан" теміртаулық ұзақ жылға сотталды

Қарағанды соты екі адам өлімі бойынша іске үкім шығарды. Айыпталушының бірі Украина шығысында әскери шараларға қатысқаны үшін де жазаланды. Ол 25 жылға сотталды. Ал адам өлімі туралы хабарламаған тағы бір айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Azattyq.org 

Бабченко: Басқа амал болмады

Украина арнайы қызметі ресейлік журналист Аркадий Бабченконың өлімі қолдан ұйымдастырылғанын айтты. 29 мамырда Украина Бабченконың кісі қолынан өлгенін хабарлаған.

Казинформ 

Жаңа технологиялар арқылы өндірілген азық-түлікке сұраныс жоғары - Ақмола облысы


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жаңа технологиялар арқылы өндірілген азық-түлікке елімізде де, шетелде де сұраныс жоғары. Бұл туралы «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасының міндетін атқарушы Еркебұлан Баяхметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Казинформ 

Қазақстан Елшісі Португалия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лиссабонда Қазақстанның Франциядағы Елшісі және Португалиядағы Елші қызметін қоса атқарушы Жан Ғалиев Португалия Республикасының Президенті Марселу Ребелу ди Созаға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Казинформ 

Атырауда коворкинг орталығы ашылды


АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен балаларға арналған коворкинг орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казинформ 

QazaqGeography: «Арал 2018» 20 күндік экспедициясы аяқталды


АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 мамырда QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» Солтүстік және Оңтүстік Арал теңізі маңындағы «Арал 2018» 20 күндік экспедициясы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Казинформ 

Елордадағы ботаникалық саябақ қалалықтар демалатын сүйікті орынға айналмақ


АСТАНА. ҚазАқпарат - Әсет Исекешев елордадағы ботаникалық саябақтың құрылысы барысын тексеріп шықты. Жоспар бойынша нысанның тапсырылу мерзімі - 2018 жылдың шілдесі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Казинформ 

ОҚО-да биыл менингиттен екі бала көз жұмған


ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері төрт айда менингококк инфекциясын 4 адам жұқтырып, екі бала қайтыс болған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілші.

Azattyq.org 

Украина: Ресейлік журналист Бабченко тірі

Украина арнайы қызметі ресейлік журналист Аркадий Бабченконың өлімі қолдан ұйымдастырылғанын хабарлады. Арнайы қызмет ұйымдастырған баспасөз мәслихатына Бабченконың өзі де қатысты.

Казинформ 

Теннис: Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты


АСТАНА. ҚазАқпарат  - «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында қазақстандық, әлемнің 98-інші ракеткасы Юлия Путинцева америкалық Дженнифер Брэдимен кортқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.