World News in Kazakh
Июль
2021

Новости за 21.07.2021

Azattyq.org 

Жаңаөзендегі жүргізушілер ереуілі жетінші күн жалғасып жатыр

Жаңаөзендегі "МұнайСпецСнабкомпани" мекемесіндегі 200-ге жуық жұмысшының ереуілдеп жатқанына 21 шілдеде жеті күн болды. Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, басшылық олардың талабын орындай алмаймыз деген. Есесіне еңбек құқығын талап етіп, ыстықта палатка астында жатқан жұмысшыларға құқық қорғау органдары ескерту айтып, қысым басталған. Жұмысшылар басшылыққа жалақыны 100 пайыз өсіру, жұмыс жағдайын жақсарту сияқты 11 талап қойған.

Azattyq.org 

«Демпартия» өкілдері полиция ғимараты алдында аштық акциясын жалғастырды

Тіркелмеген «Демократиялық партия» ұйымының өкілдері Алматыдағы полиция ғимараты алдында аштық жариялап жатқалы екі күн болды. Олар белсенді Абзал Достияровты босатуды талап етеді. "Бұзақылық үшін" қамауда жатқан белсендінің дүйсенбіде тағы 15 тәулікке қамалғаны хабарланған.