Мемлекеттік органдар қоғамдық пікірге сай жылдам шешім қабылдай алуы тиіс - С.Нұрбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «100 қадам» Ұлт жоспары аясында құрылатын жаңа мемлекетік аппарат қоғамдық пікірді ескере отырып, жедел шешім қабылдай алуы тиіс. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының басшысы, сарапшы Саясат Нұрбек мәлiм еттi.